2016 Altel Cyber Games-та қалай тіркелуге болады

2016 Altel Cyber Games-та қалай тіркелуге болады

Турнир қатысушыларын онлайн тіркеу Астана уақытысымен 31 шілде, 24: 00-де аяқталады. Сіз іріктеу жарыстарына міндетті түрде қатыссын деген ниетпен біз тіркелу бойынша толық нұсқаулық дайындадық. Барлық қадамдар міндетті түрде орындалу қажет.

Турнир қатысушыларын онлайн тіркеу Астана уақытысымен 31 шілде, 24: 00-де аяқталады. Сіз іріктеу жарыстарына міндетті түрде қатыссын деген ниетпен біз тіркелу бойынша толық нұсқаулық дайындадық. Барлық қадамдар міндетті түрде орындалу қажет.

 

Ойыншыларға арналған қадамдық нұсқаулық
 

1-қадам. Https://altelcybergames.kz/ сайтына кіріңіз және тіркеліңіз. Тіркеу жазбаңызды іске қосу үшін тіркелу кезінде көрсеткен электронды поштаңызға жіберілетін сілтеме бойынша өтіңіз. Егер хат келмесе, Спам папкасын тексеріңіз. Әрі қарай, жеке кабинетіңізге аватарыңыз бен лақап атыңызды  қосыңыз.

2-қадам. Міндетті түрде HABB идентификаторыңызды тіркеңіз немесе жаңа біреуін жасаңыз. Тіркелу үшін жеке кабинетіңізге кіріп, «Орнықтыру» функциясын таңдап, «HABB ID»-ді таңдаңыз.

javascript:void(0)

 

Егер сізде HABB идентификаторы болмаса, бос жерлерді толтырып, «Тіркелу» батырмасын басыңыз.

 

 

3-қадам. Қосылғыңыз келетін команданың капитанына өз никыңызды хабарлаңыз. Командалардың тізімін https://altelcybergames.kz/ru/teams сілтемесі бойынша көруге болады. Электрондық пошта, жедел хабарлаушылар немесе әлеуметтік желілер арқылы капитанмен байланыса аласыз.

 

4-қадам. Егер капитан өз командасына қабылдауға келіссе, ол жеке кабинетте көрсетілетін шақыру жібереді. «Шақыруды қабылдау» батырмасын басқаннан кейін сіз командадасыз. Команда талаптарға сәйкес толық қалыптасқаннан кейін, капитан чемпионатқа қатысуға өтінім береді, ары қарай іріктеу жарыстарына дайындалуға болады.

 

Команда капитандары үшін қадамдық нұсқаулық:

 

1-қадам. Егер сіз команданың капитаны болсаңыз, https://altelcybergames.kz/ сайтына кіріп, тіркеліңіз («Ойыншыларға арналған қадамдық нұсқаулықты» қараңыз, 1-қадам). Тіркеу жазбаны іске қосу үшін тіркелу барысында көрсеткен электрондық адреске сілтемемен хат келеді. Егер хат келмесе, Спам папкасын тексеріңіз. Қосылғаннан кейін лақап атыңызды және аватарыңызды қоса аласыз.

Тіркеу жазбаны іске қосу үшін келетін хаттың мысалы: 

 

2-қадам. Жеке кабинетте жаңа топты құраңыз. Аты-жөніңізді көрсетіп, команда логотипін таңдаңыз. Логотипті ұсынылғандардың ішінен таңдай аласыз немесе өзіңіздікін жүктей аласыз. Тек содан кейін сіздің өтініміңіз модерацияға жіберіледі. Командаларының тізімінде команда атауының пайда болуы модерацияны растайды - https://altelcybergames.kz/ru/teams. Ал капитанның жеке кабинетінде ойыншыларды шақыру мүмкіншілігі пайда болады.

 

3-қадам. Сіз ойыншыларды лақап аты немесе электрондық адресы арқылы таба аласыз. Сізге 5 адамнан құралған топ жинау қажет, капитанды қосқанда.

Барлық 5 ойыншы қатысатындығын растағаннан кейін, капитанның жеке кабинетінде «Чемпионатқа қатысу үшін өтінім беру» белсенді батырмасы болады. Сол батырманы басып, конкурсқа дайындалу керек.

 

4-қадам. Әр команда қатысушысының HABB ID идентификациясын тексеріңіз. HABB идентификаторын жеке кабинетте тіркей аласыз (Ойыншыларға арналған қадамдық нұсқаулықты қараңыз, 2-қадам).