Жарыс ережелері

Altel Cyber Games киберспорттық чемпионатының CS:GO дисциплинасы бойынша өту Ережесі, 2018

Жалпы ережелер

  • Чемпионаттың аты: «Altel Cyber ​​Games» (бұдан әрі - Чемпионат).
  • Чемпионатты ұйымдастырушы - ЖШС «Мобайл Телеком-Сервис» (бұдан әрі - Ұйымдастырушы).
  • Ұйымдастырушының мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Төле би даңғылы, 101.
  • Чемпионаттың орындаушылары: «Dentsu Aegis Network Kazakhstan» жарнама агенттігі және «HABB» киберспорттық ұйымы (бұдан әрі - Орындаушы).
  • «Dentsu Aegis Network Kazakhstan» жарнама агенттігінің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Нурлы-Тау көп функционалды орталығы, Әл-Фараби даңғылы, 19 к3Б.
  • «HABB» киберспорт ұйымының мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ. Шалом Алейхем көшесі, 21.
  • Чемпионат Қазақстан Республикасының аумағында 2018 жыл 13 шілдеден 2 қыркүйекке дейін жүргізіледі.
  • Осы Ереже чемпионат тәртібін, чемпионатқа қатысу тәртібін және жеңімпаздарды анықтау тәртібін, сондай-ақ жүлделерді табыстау тәртібін анықтайды. Осы Ереже Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейді.
  • Чемпионатқа қатыса отырып, қатысушы автоматты түрде www.altelcybergames.kz сайтында (бұдан әрі - сайт) жарияланған осы Ережемен, және де осы Ережеде белгіленген шектеулерге қатысты өз келісімін растайды.

Чемпионатқа қатысу шарттары

  • Чемпионатқа Қазақстан Республикасының тұрғындары қатыса алады.
  • Чемпионатқа бейрезиденттер, сондай-ақ Ұйымдастырушы және Орындаушылар өкілдері, олардың отбасы мүшелері, олардың еншілес компаниялары және Чемпионатты өткізуге қатысқан үшінші тұлғалар қатыса алмайды.
  • Чемпионаттың финалында кәмелеттік жасқа толмаған ойыншылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, барлық қажетті құжаттарымен сенімді өкілді қоса жүру қажет.
  • Осы Ереженің талаптары Чемпионаттың барлық қатысушылары үшін міндетті болып табылады.

Чемпионат форматы мен күндері

  • Чемпионат үш кезеңнен тұрады:
  1. Бірінші кезең - www.altelcybergames.kz сайтында Чемпионатқа қатысатын командалардың тіркелуі, тіркелу 2018 жылдың 13 шілдесінен 31 шілдесін қоса өтеді.
  2. Екінші кезең - 2018 жылдың 1 тамызынан бастап 19 тамызын қоса алғанда, онлайн режимінде (CS: GO серверінде) мемлекет бойынша өткізілетін іріктеу туры. Чемпионаттың барлық іріктеу турларының нәтижелері www.altelcybergames.kz сайтында жарияланады.
  3. Үшінші кезең - Bo3 форматы бойынша жартылай финалға шыққан екі команда арасындағы ойын. Финалда екі немесе үш ойын өткізіледі. Үшінші ойын бірінші және екінші ойындардың нәтижесі тең болған жағдайда ойнатылады. Әр ойынның ұзақтығы: 40-60 минут. Ойындар арасындағы үзіліс - 15 минут. Финал 2018 жылғы 2 қыркүйекте Алматы қаласы, «Алматы Арена» спорт кешенінде өтеді.

Жүлде қоры

  • Чемпионатының жалпы жүлде қоры 10, 000, 000 (он миллион) теңге 2018 жыл 2 қыркүйекте финалистердің арасында ойнатылады (бірінші орынды жеңіп алған команда 8,000,000 (сегіз миллион) теңге және екінші орынды жеңген команда 2,000,000 (екі миллион) теңге (жеке табыс салығы және Ұйымдастырушыға төленген корпорациялық табыс салығын қоспағанда) алады). Ақшалай сыйлық жеңу туралы шарт жасалғаннан кейін капитанның карточкалық шотына аударылады.

Тіркелу шарттары

  • Чемпионаттың қатысушысы болу үшін, команда міндетті түрде керек жерлердің бәрін, соның ішінде лақап аты, команда аты және де басқа атрибуттарды толтырып, www.altelcybergames.kz сайты арқылы тіркелуі тиіс.
  • Тіркелу барысында әрбір қатысушы командаға барлық ойыншыларға міндетті HABB ID беріледі.
  • Әрбір қатысушы команда тіркелу аяқталғанға дейін Чемпионатқа жазылуы тиіс, 31 шілде, 2018 жыл (24:00 Астана уақыты). Тіркеу аяқталғаннан кейін толтырылған өтінімдер Чемпионатқа қатысуға қабылданбайды.
  • Әр қатысушы команда 5 адамнан тұруы керек.
  • Тіркеу аяқталғаннан кейін командалардың құрамындағы кез-келген өзгерістерге тыйым салынады. Тәртіпті бұзған қатысушы команда дисквалификацияланады.
  • Лақап атын және команда атын өзгерту тек тіркелу аяқталғанша ғана мүмкін болады. Тіркеу аяқталғаннан кейін лақап және команда атын өзгертуге тыйым салынады. Тәртіпті бұзған қатысушы команда дисквалификацияланады.
  • Чемпионаттың ұйымдастырушысы себептерін түсіндірмей команданы қабылдамауына құқығы бар.
  • Ұйымдастырушының кез-келген жағдайға қатысты шешімдері, соның ішінде осы ережелерде жазылмаған шешімдері түпкілікті болып табылады және талқылауға жатпайды.
  • Төрешілердің іріктеу ойындарында және де финалда қабылдаған шешімдері түпкілікті болып табылады және талқылауға жатпайды. Төрешілер - кәсіпқой киберспортшылар. Іріктеу турларында дау туындаған жағдайда, төрешілер ойындардың  демо жазуын қарап, шешім қабылдайды. Финалдың әр ойынын төрешілер қадағалайды. Ойын ережелерін бұзу туралы шағымдар ойын кезінде ғана жасалынады. Команда капитаны раундтың соңында үзіліс қойып, болған жағдайды төрешілерге айтуы тиіс, немесе ойын аяқталғаннан кейін бір минут ішінде келе алады, егер де шағым соңғы раундқа қатысты болса. Кез келген басқа жағдайда, шағымдар қарастырылмайды.
  • Әрбір келуші сайтқа тіркелу кезінде автоматты түрде жеке деректерді ашуға келісім береді.

Ойын картасы:

Карталар тізімі:

- de_dust2

- de_nuke

- de_inferno

- de_cache

- de_mirage

- de_overpass

- de_train

Карталар «сызумен» анықталады. Сызу тәртібі:

Онлайн іріктеу кезінде ұйымдастырушылар картаны бірінші сызған команданы анықтайды.

Егер де формат БО1 болса, онда:

  1. B командасы 7 картаның бірін сызып тастайды
  2. А командасы 6 картаның бірін сызып тастайды
  3. B командасы 5 картаның бірін сызып тастайды
  4. А командасы 4 картаның бірін сызып тастайды
  5. B командасы 3 картаның бірін сызып тастайды
  6. А командасы 2 картаның бірін сызып тастайды
  7. Қалған карта, қажет болса, үшінші карта ретінде қолданылады.

Егер де формат БО3 болса, онда: 

  1. B командасы 7 картаның бірін сызып тастайды
  2. А командасы 6 картаның бірін сызып тастайды
  3. B командасы 5 картаның бірін таңдайды
  4. А командасы 4 картаның бірін таңдайды
  5. B командасы 3 картаның бірін сызып тастайды
  6. А командасы 2 картаның бірін сызып тастайды
  7. Қалған карта, қажет болса, үшінші карта ретінде қолданылады.

Ойыншылар ереже бойынша картаны тізімнен таңдайды.

Финалдық кезеңнің тәртіптік ережелері

  • Кешігуге тыйым салынады (финалға және финал барысындағы үзілістерден кейін).
  • Ойын барысында әдепсіз сөйлемді қолдануға тыйым салынады, осы ережені бұзған жағдайда команда ескерту алады, одан кейін дисквалификацияға ие болады.
  • Ойындар арасындағы үзілістер кезінде Алматы Arena аумағынан кетуге тыйым салынады.

CS:GO ережелері

Ережелерді бұзу болып саналады:

  • Басқа бәсекелестерден артықшылыққа ие болдыратын кез келген бағдарламаларды пайдалану
  • Осы ережелермен рұқсат етілмеген кез келген ойын параметрлерін пайдалану
  • Карта қателерін пайдалану
  • Қосылуды қасақана ажырату
  • Net_graph 2 қолдану (тек 0, немесе 1)

Ойын барысында Ұйымдастырушы бұзушылықтарды анықтауға бағытталған кез келген іс-әрекеттер жасауға құқылы.

Егер жоғарыда аталған ережелердің біреуі бұзылған болса немесе бір немесе бірнеше команда мүшелері пайда болмаса, команда чемпионатта техникалық жеңіліске ұшырайды және мұндай команда дисквалификацияланады. Дисквалификация техникалық жеңіліске ұшырау арқылы ағымдағы ойынның аяқталуын білдіреді.

Чемпионат Ұйымдастырушысы осы Ережені өз қалауы бойынша кез келген уақытта өзгертуге және толықтыруға құқылы.